МӘСЛИХАТТАРДЫҢ 30 ЖЫЛДЫҒЫ

0
73

Мәслихаттар институты 1993 жылы 10 желтоқсанда «Қазақстан Республикасының жергілікті өкілді және атқарушы органдары туралы» Заңының негізінде қаланды. Осыған орай 1994 жылдың наурызынан бастап оған дейін жергілікті мәслихат қызметін атқарып келген жергілікті халық депутаттары Кеңестерінің уәкілеттігі өкілді орган – мәслихаттарға берілді.

Мәслихат -тиісті әкімшілік-аумақтық бөлініс қарамағындағы аймақтың жай-күйіне жауапты жергілікті өкілді орган. Ол сол аймақ халқының қалауын, ықтиярын білдіреді және жалпы мемлекеттік мүддені ескере отырып, қабылданған шешімдерді жүзеге асыру шараларын белгілейді әрі атқарылу барысын бақылайды.

Темір аудандық мәслихаты 1994 жылдан бастап өз қызметін бүгінгі таңға дейін аудан дамуы мен ел Президентінің саясатын жүзеге асыру мақсатында аудан халқымен етене араласып, қызмет етуде. «Нұр Отан» партиясы қазіргі таңдағы «AMANAT» партиясы, «АҚЖОЛ», «АУЫЛ» партияларымен, олардың аудандық филиалдарымен тығыз жұмыстар атқарып, 1994 жылдан бері сайланбалы негізде сайланған 1-8 шақырылым депутаттары өздерінің біліктіліктерімен, парасат-пайымдарымен  аудан халқының тұрмыс-тіршілігін жақсартуға, бюджет, әлеуметтік және қоғамдық мәселелер бойынша шешімдер қабылдауға оң әсерлерін тигізу үстінде. Мәслихаттардың 30 жылдығына орай «Темір» газетінің алдыңғы санында айдар ашылған болатын. Аталған айдарға аудандық мәслихаттың тарихы туралы мәліметтер, мәслихаттың хатшылары, төрағасы мен депутаттарының өмірбаяндары, мәслихат қызметі туралы баспасөз бетінде жариялайтын  боламыз.

Аудандық мәслихаттың бірінші хатшысы болып 1994 жылғы наурыз — 1995 жылғы тамыз аралығында қызмет атқарған Күнбаева Гүлнар Нысанқызы. Күнбаева Гүлнар Нысанқызы Ақтөбе облысы Темір ауданы Темір қаласында 1957 жылы дүниеге келген. С.М. Киров атындағы ҚазГу-дің тарих факультетін бітірген. Еңбек жолын: Темір аудандық орта мектепте кітапханашы, мәдениет бөлімінің инспекторы қызметін бастаған. 1981 жылы Темір аудандық атқару комитетіңде кәмелетке толмаған жасөспірімдер комиссиясының хатшысы, ұйымдастыру бөлімінің меңгерушісі қызметін атқарды. 1983 жылы ЛКСМ Темір аудандық комитетінің бірінші хатшысы, 1986 жылы аудандық партия комитетінде нұсқаушы, Темір аудандық атқару комитетінің төрағасының орынбасары, аудандық Кеңесте іс басқарушы, бөлім меңгерушісі, аудандық Кеңес төрағасының орынбасары болды.

1994 жылы Темір аудандық мәслихат хатшылығына сайланды. 1995 жылдан бастап Ақтөбе облысы мәслихатының ұйымдастыру бөлімінде бас маман, бөлім меңгерушісі, аппарат жетекшісі қызметтерін атқарды. Халық депутаттар Темір аудандық Кеңесінің депутаты. 1998 жылдан Ақтөбе облысы сайлау комиссиясының хатшысы, кейіннен Ақтөбе облыстық сайлау комиссиясының төрағасы қызметтерін атқарды. 2021 жылы тамыз айында дүниеден өтті.

 

Молдақұлов Сабыржан Жәңгірұлы 1963 жылы 23 қарашада Ақтөбе облысы, Темір ауданы, Темір қаласында дүниеге келген. 1981 жылы Темір қаласындағы орыс мектебін бітірген. 1981-1986 жылы Орынбор ауылшаруашылығы институтын «Ветеринария» мамандығы бойынша аяқтаған. Аудандық мәслихаттың VI, VII, VIII шақырылымдарының депутаты.

 Еңбек жолын 1986-1992 жылдары Темір совхоз техникумы аға мал дәрігерінен бастап, 1992-1996 жылдары Темір совхоз техникумы бас мал дәрігері, 1996-1999 жылдары «Қарақамыс» ЖШС-де бас мал дәрігері, 1999-2002 жылдары «Олжас» шаруа қожалығының басшысы, 2002-2008 жылдары Темір аудандық аумақтық инспекциясында ветеринарлық инспектор, 2008-2009 жылдары Шұбарши кенттік округінің әкімі, 2009 жылдың мамырынан бастап «Темір орман және жануарлар дүниесін қорғау мекемесі» КММ директоры қызметін атқарып келеді.
Мемлекеттік наградалары:

2011 жыл – Қазақстан Республикасы Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығы мерекелік медалі,

2014 жылы Халықаралық Невада-Семей Антиядролық Қозғалысының 25 жылдығы мерекелік медалімен марапатталды,

2018 жылы Ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағының төс белгісі III дәрежелі «ЕҢБЕК ДАҢҚЫ»,

«Қазақстан мәслихаттарына 25 жыл» мерекелік медалімен марапатталды,

2019 жылы «Темір ауданына сіңірген ерекше еңбегі үшін» төсбелгісімен марапатталды,

2020 жылы Ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағының төс белгісі II дәрежелі «ЕҢБЕК ДАҢҚЫ»,

2021 жылғы 2 желтоқсандағы ҚР Президентінің Жарлығы бойынша «Құрмет орденімен» наградталды.

2021 жылы Ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағының медалі «ЕЛЕУЛІ ЕҢБЕГІ ҮШІН» төсбелгісімен марапатталған.

Сабыржан Жәңгірұлы отбасылы, 2 ұл, 7 немере тәрбиелеп отыр. 1 ұлы Темір қаласында орналасқан шаруа қожалығының төрағасы, 1 ұлы Ақтау қаласында әскери қызметте ел игілігі үшін қызмет атқаруда.

Б.Шаимов,

Темір аудандық

мәслихатының төрағасы.