Бөгеттер салынып жатыр

0
35

Облыс әкімінің тапсырмасымен әкім орынбасары Ғалымжан Елеуов Темір ауданына жұмыс сапарымен барып, су тасқынына қарсы қабылданған шаралармен танысты.
Қазіргі уақытта аудан орталығында мердігер компаниялар — «Story Master Elite Group» ЖШС Шұбарқұдық кентінің кіреберісінде және «Stro Proekt» ЖШС «Задепо» аймағын су тасқыны қаупінен қорғау мақсатында бөгеттер салып жатыр.

Сонымен қатар, сел және су тасқыны қаупінен қорғауға бағытталған қорғаныс бөгеттері құрылысы Саркөл ауылдық округіне қарасты Шұбарши, Құмсай және Қопа елдімекендерінде де жасалуда.
Шұбаршиде бас мердігер — «Story Master Elite Group» ЖШС, Құмсай елдімекенінде — «TAF Company» ЖШС, ал Қопа елдімекені бойынша бас мердігер — «Lider Invest» ЖШС жауапты.
Бөгет құрылыстарын қарап шыққан Ғалымжан Елеуов аудан әкімінің міндетін атқарушы Жандаурен Қойшыбаевқа ауа райын ескере отырып, құрылыс жұмыстарын жеделдетіп, оның уақытылы аяқталуын бақылауда ұстауды тапсырды.

Темір ақпарат.