ҚЫЗЫЛЖАРДА ЖАҢА БАЛАБАҚША

0
23

 

250 орындық балаға арналған білім беру орны жеке кәсіпкердің қаржысына салынып, пайдалануға берілді.
Шұбарқұдық кентінде заманауи үлгідегі жеке «Мейірім» бөбекжай-балабақшасы ашылды. Екіқабатты нысанды халық игілігіне беруге жеке кәсіпкер, «Мейірім-жүрек» ЖШС өкілі Өмірбай Жайлышев қолғабыс етті.
Топ саны — 10. Барлық бөлме заманауи құрал-жабдықтармен қамтылған. Балабақшада тұз шахтасы, оттегі коктейлі бар.
Сонымен қатар, барлық топта бейнебақылау камералары қондырылған.
Бұған дейін аудан орталығындағы Қызылжар мөлтек ауданында балабақша болмауына байланысты, аталған аумақ тұрғындары балаларын қашықтағы балабақшаларға апаруға мәжбүр еді. Бүгін мәселе шешімін тауып, жалпы аумағы 2300 шаршы метрді құрайтын, заманауи құрылғылармен жабдықталған мектепке дейінгі білім беру мекемесі бой көтерді.
Кәсіпкер сөзінше, мекеме алдағы уақытта мемлекеттік білім беру тапсырысы аясында жұмыс істеуге ынталы.

Облыс әкімінің орынбасары Ж.Батырхан жаңадан ашылған балабақшаның жұмысымен
танысып шығып, облыстық білім басқармасына мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыруды жеделдетуді тапсырды.