Бастауыш партия ұйымы

«AMANAT» партиясының жұмысы жылдан жылға дамып, қоғам тынысындағы күрмеуі қиын мәселелердің оң шешімін табуына өз ықпалын тигізіп келуде. Партияның жүктеген міндеттері мен партия беделін көтеру мақсатындағы жұмыстарын аудандық партия филиалының «Ақсай ауылдық округі» бастауыш партия ұйымы үздіксіз жүргізіп келеді.
«Ардагерлерді ардақтайық», «Бақытты отбасы», «Кедергісіз келешек», «Ұлттық мұра» т.б. партиялық жобалары аясында жұмыстар атқарылуда. Сонымен қатар, жыл сайын нысаналы транферт есебінен «Балаларды мектепке даярлайық!» акциясы өткізіліп келеді.
Жыл басында атқарылатын жұмыстардың жоспарын бекітіп, екі жылда бір рет аудандық партия филиалының есеп беру – сайлау конференциясында атқарылған жұмыстар туралы есеп беріледі.
Р.Бегимова,
«Ақсай ауылдық округі» бастауыш
партия ұйымының төрайымы.