Қазақстанның туризм саласын дамытудағы маңызды қадамдардың бірі – Neo Nomad визасының енгізілуі.

0
26

Қазақстанның туризм саласын дамытудағы маңызды қадамдардың бірі – Neo Nomad визасының енгізілуі. Бұл виза цифрлық көшпенділерге, яғни қашықтан жұмыс істейтін және саяхаттауды ұнататын шетелдік азаматтарға арналған. Мұндай визалық режим әлемнің 50-ден астам елінде сәтті қолданылып келеді және Қазақстанның да осындай қадамға баруы елдің халықаралық аренадағы беделін арттырады.

Neo Nomad визасы Қазақстанның цифрлық экономикасын дамытуға, шетелдік мамандарды тартуға және туризм саласын әртараптандыруға мүмкіндік береді. Бұл қадам еліміздің жаһандық экономикаға интеграциялануына, мәдени және білім алмасуына оң әсерін тигізеді. Аудандық мәслихат депутаты Самарханов Тугел Куанышевич