Мәжілістің Қаржы және бюджет комитетінің төрайымы, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі Татьяна Савельева «Jibek Joly» телеарнасына берген сұхбатында

0
6

Мәжілістің Қаржы және бюджет комитетінің төрайымы, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі Татьяна Савельева «Jibek Joly» телеарнасына берген сұхбатында Салық кодексіне ұсынылып отырған өзгерістердің қисынын түсіндірді. Оның айтуынша, бүгінде компаниялардың тек 4 пайызы ғана қоcымша құн салығын (ҚҚС) төлейді. Бұл кәсіпкерлердің салық салуды болдырмау үшін өз компанияларын әдейі кішірек құрылымдарға бөлген кезде бизнестің бөлшектенуіне әкеледі.
«Реформаның мақсаты – қосымша құн салығын бастапқы мақсатына сәйкес келтіру. Бұл шағын бизнеске ауыр жүк болатын айналым салығы болмауы керек. Кәсіпорындар ҚҚС төлеген сайын, нақты салық жүктемесі төмендейді, баға мен инфляцияға қысым азаяды», деді ол.

Депутаттар бизнес өкілдерінің барлық уәждерін ескеруге уәде беріп отыр. Дегенмен, ҚҚС-тың жалпы мөлшерлемесін төмендету мәселесі қарастырылып жатқан жоқ. Татьяна Савельева бұған дейінгі салық жеңілдіктерінен кейін кәсіпкерлік белсенділік айтарлықтай өспегенін баса айтты. Оның үстіне Қазақстан халық алдындағы жоғары әлеуметтік міндеттемелерді сақтай отырып, қазірдің өзінде әлемдегі ең төменгі салық мөлшерлемелерін ұсынып отыр.

Жақын арада депутаттар сарапшылар, бизнес және мемлекеттік органдардың өкілдерімен бірге Салық кодексіне енгізілген өзгерістерді талқылауды жалғастырады.