Жастар жаппай қаланы тазартты

«Наурызнама» онкүндігінің соңғы күні — Тазару күні.
Бұл күні азаматтарға қоршаған ортаны қорғауды насихаттау, қоғамда экологиялық мәдениетті дамытуға шақыру мақсатында облыс территориясында жалпыұлттық экологиялық акция өткізілді.
Наурыз ертеден табиғат тазалығын сақтауды үндейді. Мерекенің мәні – көктемнен қысқа көшу, табиғаттың жаңа өмір бастауы.
Тазару күнінде ақтөбелік жастар «Қазақ халқына мың алғыс» стелласы мен Орталық саябақта тазалық жұмыстарын жүргізіп, ортақ мекеннің көркеюіне септіктерін тигізді.
Шараға атап айтқанда, облыстық және қалалық жастар ресурстық орталығының мамандары, облыстық «Жасыл ел» жастар еңбек жасағы, «Эко мәдениет» жастар қозғалысы, Ақтөбе студенттер Альянсы және Ақтөбе политехникалық колледжінен құралған 100-ге тарта жас қатысты.
Сонымен қатар, Тазару күнінде аудан жастары да тазалық жұмыстарын жүргізуде.
Ақтөбенің тазалығы — ортақ абырой. Осындай тазалық жұмыстарын жүргізу белсенді жастардың назарынан тыс қалған емес.
Былтырдан бері өңір жастары «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясына елеулі үлес қосуда.
Барша ақтөбелікті қоршаған ортаны таза ұстауға шақырамыз!