ТАНЫМДЫҚ ШАРА ӨТКІЗІЛДІ

«Ақсай ауылдық округі» бастауыш партия ұйымында «Бақытты отбасы» партиялық жобасы аясында «Қызым саған айтам, келінім сен тыңда» атты танымдық шара өткізілді. Шараға ауылдың үлкен қарт әжелері мен ақ жаулықты аналары шақырылды.
Шараның жалпы мақсаты — қыз баланың тәрбиесі, бүгінгі қызғалдақ қыздарымыз – ертеңгі келін, болашақ ана, ақ жаулықты әже екендіктерін ескеру, сол ұлағаттылық ұяда өзінің казіргі кескін-келбетінен басталатынын қыздарымыздың саналарына сіңіре айту. Мұндай тәрбиелік мәні зор шаралар — отбасының бірлігіне, қыз баланың тәлім-тәрбиесіне, отбасылық өмірдегі тұрмыстық жағдайына оң ықпалын тигізері сөзсіз.
Жиын соңында БПҰ төрайымы Р.Бегимова шараға атсалысқан ақ жаулықты әжелер мен аналарымызға алғысын білдіріп, алғыс хаттар мен сыйлықтар табыстады.
«Ақсай ауылдық округі» бастауыш
партия ұйымының төрайымы Р.Бегимова