ҮСТЕЛ ТЕННИСІНЕН ТУРНИР

1 мамыр — Қазақстан халқының бірлігі күніне орай «Бақытты отбасы» партиялық жобасы аясында жоғарғы сынып оқушылары арасында үстел теннисінен турнир өтті.
Шараның басты мақсаты – ауданымыздағы түрлі ұлт өкілдерінің бір-біріне деген сый-құрметін арттырып, татулықты, бірлікті, ортақ құндылықтарды насихаттау. Сонымен бірге, жастар арасында спорт мәдениетін дамыту, олардың табандылық, ептілік пен өзіне деген сенімділігін арттыру.
«Жастар рухы» ЖҚ-ның Темір ауданы
бойынша төрағасы А.Сәлімгерей