АРДАГЕРЛЕРДІ АРДАҚТАЙЫҚ

0
17

Ұлы Отан соғысында жанын шүберекке түйіп, бейбітшілік үшін күрескен батырларымыздың ерлігі ешқашан ұмытылмайды. Биыл біз ұрпақ үшін ерекше маңызы бар тарихи белесті — Ұлы Жеңістің 80 жылдығын атап өтудеміз. Бүгінде ауданымызда соғыс жылдары ел үшін күндіз-түні тыным таппай еңбек етіп, сұрапыл кезеңде аянбай тер төккен 79 тыл ардагері бар.

Мереке қарсаңында «Ардагерлерді ардақтайық» партиялық жобасы аясында «AMANAT» партиясы Темір аудандық филиалының атқарушы хатшысы тыл ардагерлерінің үйлеріне барып, құрмет көрсетті. Ардагерлер  ризашылықтарын білдіріп, елдің амандығы мен бірлігінің баянды болуын тілеп, ақ баталарын берді.

 

А.Тлеумбет