2025 жылы қазақстандық жоғары оқу орындарында 177 мыңнан астам түлек оқуын аяқтайды

0
4

Үкімет отырысында ғылым және жоғары білім вице-министрі Талғат Ешенқұлов еліміздегі жоғары білім беру жүйесінің қазіргі жағдайы туралы баяндады.

Оның айтуынша, қазіргі уақытта республикада 122 жоғары оқу орны, оның ішінде 10 зерттеу жоғары оқу орны және 23 филиал жұмыс істейді. 2024-2025 оқу жылында азаматтық жоғары оқу орындарында 680 мыңнан астам студент оқиды, оның ішінде 624,5 мыңы бакалавриатта, 39,2 мыңы магистратурада, 7,6 мыңы докторантурада және 8,9 мыңы резидентурада білім алуда.

Түлектердің ең көп саны келесі бағыттар бойынша:

➤ педагогикалық мамандықтар – 48,4 мың студент;
➤ бизнес, басқару және құқық – 24,6 мың.;
➤ инженерлік ғылымдар – 24,3 мың.;
➤ ақпараттық-коммуникациялық технологиялар – 13,4 мың.;
➤ денсаулық сақтау – 10,3 мың.;
➤ ауыл шаруашылығы –1,8 мың.

Бұл ретте, Ғылым және жоғары білім министрлігінің дерегі бойынша еліміздің жоғары оқу орындарында бүгінде 31,5 мың шетелдік студент оқиды. Алғаш рет Азиядан келген студенттердің саны ТМД елдерінен келген студенттердің санынан асып түсті, Азия елдерінен – 17 456 адам болса, ал ТМД елдерінен – 12 816 адам.

Биылғы түлектердің саны 177 586 адамды құрайды.
Студенттерді жұмыспен қамту аясында елімізде 30 мыңнан астам студентті қамтитын «Жасыл ел» жобалары мен құрылыс отрядтары іске асырылуда. Сондай-ақ 140 мыңға жуық студентті қамтитын оқу және өндірістік практика жүзеге асырылады. Кәсіптік тәжірибеден өту кезінде білім алушы белгілі бір еңбек міндеттерін орындайды, олар білім алушының еңбек өтіліне есептеледі.

ҚР Үкіметінің ресми Telegram-каналы