Мемлекет басшысының бастамасымен елімізде «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы жүзеге асырылуда. Екі жыл ішінде ұлттық жоба аясында 460 мың оқушы орнына арналған 217 заманауи мектеп салу жоспарланған.

0
8

Бүгінгі таңда 105 білім беру нысанының құрылысы аяқталды, ал қалған 112 мектеп 2025 жылдың соңына дейін пайдалануға беріледі. Аталған жоба тұрғылықты жеріне қарамастан, барлық қазақстандық баланы заман талабына сай сапалы біліммен қамтамасыз етуге бағытталған.
Айта кету керек, бұл мектептердің жартысына жуығы ауылдық жерлерде салынуда. Осылайша, 200 мыңнан астам ауыл баласы қазіргі заманғы жайлы білім беру ортасымен қамтылды.
Жаңа мектептер – тек білім орны ғана емес, елдің ертеңі өсіп шығатын маңызды мекен.
Бұл жоба орта білім сапасын арттыруға, қала мен ауыл арасындағы білім теңсіздігін жоюға бағытталған.
Сондықтан ұлттық жоба аясында қалыптасатын білім ұйымдарын «Келешек мектептері» деп атауды ұсынып отырғандарын бүгін министр Ғани Бейсембаев айтты.
Сапалы мектеп – сапалы болашақтың кепілі.
Темір ауданы, Шұбарқұдық гимназиясының орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Асқарова Мадина.