1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күні

0
57

 

Балаларды қорғау күні – бұл балалар үшін тек қуанышты мереке ғана емес, еліміздің ертеңі болар сол балалардың жарқын болашағын қамтамасыз ету маңыздылығын түсіндіретін күн.
Мереке қарсаңында «Бақытты отбасы» партиялық жобасы аясында Темір аудандық ауруханасында ем алып жатқан бүлдіршіндерге және жаңа туған нәрестелерге сыйлықтар табысталды.
Аудандық филиалдың атқарушы хатшысы А.Нұрғалиев, аудандық мәслихат депутаттары А.Жанекешова және А.Кенжеғалиев балаларды мерекемен құттықтап, жылы лебіздерін білдірді.
Балаларға көтеріңкі көңіл-күй, армандарының орындалуын және жазғы демалысты жақсы өткізулерін тілейміз!

А.Тлеумбет