МЕДИЦИНА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ КҮНІ

0
60

Елімізде маусымның әр үшінші жексенбісі — медицина қызметкерлерінің күні. Адам өмірі сынды баға жетпес құндылықты сақтап қалуға негізделетін аса жоғары жауапкершілік денсаулық сақтау саласының мамандарына жүктелген.

Айтулы мерекеге орай, партия филиалының консультанты А.Тлеумбет денсаулық сақтау саласындағы белсенді партия мүшелерін кәсіби мерекелерімен шын жүректен құттықтай отырып, «AMANAT» партиясы Ақтөбе облыстық филиалының төрағасының алғыс хатымен марапаттады.

Өмірлік кәсіптеріңізге деген адалдықтарыңыз бен отандық медицинаның үздік дәстүрлерін сақтап, дамыту жолындағы ерен еңбектеріңіз үшін зор алғыс айтамыз!

«AMANAT» партиясы Темір аудандық филиалы