Келешек мектептері: Ақтөбе облысында жыл соңына дейін 12 жайлы мектеп пайдалануға беріледі

Ақтөбе қаласындағы Саяжай-1 тұрғын алабында 300 орындық жайлы мектеп бой көтерді. Құрылыс жұмыстарын «Бабәк-Құрылыс» ЖШС мердігер ұйымы жүргізуде. Қазір нысанның ішін әрлеу жұмыстары аяқталуы жақын. Сондай-ақ, мектептің ауласы да абаттандырылып жатыр. Мектеп алдағы жаңа оқу жылында пайдалануға беріледі деп жоспарлануда.
«Қазір құрылыс жұмыстары 90 пайыз аяқталып тұр. Тек ішкі дизайн мен инженерлік жұмыстары ғана қалды. Мектеп акт залымен, үлкен спорт залымен жабдықталған. Кітапханасы, асханасы бар. Балалардың жайлы білім алуына мұнда барлық жағдай жасалған» — дейді «Бабәк-Құрылыс» ЖШС менеджері Ақмарал Алимбаева.
Облыстық құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы басшысының орынбасары Аслан Жарасбаевтың айтуынша, биыл жылдың соңына дейін өңірдегі барлық «Келешек мектептері» қолданысқа беріледі. Басым бөлігінде құрылыс жұмыстары аяқталуға жақын.
«Президент тапсырмасы бойынша «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында облыс аумағында 14 мектеп салынуда. Оның екеуі – Есет батыр және Ақжар-2 тұрғын алаптарындағы мектептер биыл көктемде қолданысқа беріліп, оқу процесі басталып кетті. Қалған 12 мектептің құрылыс жұмыстары аяқталуы жақын, жыл соңына дейін пайдалануға беріледі деп жоспарлануда» — деді Аслан Жарасбаев.
«Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында салынып жатқан мектептердің құрылысы өткен жылы басталды. 4 мектеп Мұғалжар, Мәртөк, Темір аудандарында, қалған 10 мектеп облыс орталығында орналасқан. Аталған нысандар 11400 орынға арналған.
Образование для будущего: в Актюбинской области до конца года откроют 12 комфортных школ
До конца 2025 года в Актюбинской области завершится строительство и ввод в эксплуатацию 12 новых школ, соответствующих стандартам национального проекта «Комфортная школа». Учебные заведения строятся с акцентом на создание благоприятной, современной и безопасной среды для детей.
Одна из таких школ расположена в жилом массиве Саяжай-1 города Актобе. Учебное заведение рассчитано на 300 ученических мест. Строительно-отделочные работы, которые выполняет ТОО «Бабәк-Құрылыс», находятся на финальной стадии: завершено благоустройство пришкольной территории, внутри здания проведены отделочные работы. Ожидается, что школа примет первых учеников уже в новом учебном году.
«На сегодняшний день строительство завершено на 90%. Остались только внутренние инженерные работы. В школе предусмотрены актовый и спортивный залы, библиотека, столовая — все условия для комфортного обучения созданы», — рассказала менеджер «Бабәк-Құрылыс» Акмарал Алимбаева.
По информации заместителя руководителя областного управления строительства, архитектуры и градостроительства Аслана Жарасбаева, все объекты проекта будут завершены и сданы до конца текущего года.
«По поручению Президента страны в рамках национального проекта «Комфортная школа» в регионе возводятся 14 учебных заведений. Две школы — в жилых массивах Есет батыр и Акжар-2 — уже введены в эксплуатацию весной текущего года и функционируют. Строительные работы на оставшихся 12 объектах завершаются, ввод в эксплуатацию запланирован на ближайшие месяцы», — отметил Жарасбаев.
Из 14 школ, строящихся в рамках проекта, 10 объектов расположены в областном центре, ещё 4 — в районах Мугалжарском, Мартукском и Темирском. Общая проектная мощность всех школ составляет 11 400 учебных мест.