«Заң мен Тәртіп» апталығының екі күнінде 8 мыңға жуық тұлға тегін заң көмегін алды

«Заң мен Тәртіп» атты ақпараттық-түсіндіру апталығы басталды, – деп хабарлайды Polisia.kz. Республикалық деңгейде өткізіліп жатқан бұл шара аясында прокуратура, полиция, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет, қаржылық мониторинг органдары мен әкімдіктер бірлесіп, азаматтарды қабылдау ұйымдастыруда. Қабылдаулар облыс және қала орталықтарындағы ірі сауда орталықтарында, ХҚКО-ларда өтуде. Акцияның негізгі мақсаты – азаматтарға құқықтық кеңес беру, заңнаманы және мемлекеттік қызметтерді алу тәртібін түсіндіру, сондай-ақ жүйелі мәселелерді анықтау.
Апталықтың алғашқы екі күнінде құқық қорғау органдарының қызметкерлері 8 мыңға жуық азаматты қабылдады. Өтініштер әртүрлі тақырыптарды қамтыды: жер мәселелері, тұрғын үймен қамтамасыз ету, балалар қауіпсіздігі, кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау, әлеуметтік төлемдер және өзге де өзекті мәселелер. Бұл акция – заң мен тәртіп қағидаттарын түсіндіру бағытындағы жүйелі жұмыстың бір бөлігі. Мемлекет тек заң талап етуші ғана емес, сонымен қатар азаматтардың құқықтарын қорғауға көмектесетінін әрбір адам білуі маңызды.
Неделя «Закон и Порядок»: около 8 тысяч человек получили бесплатные юридические консультации
Около 8 тысяч человек обратились за бесплатными юридическими консультациями, сообщает Polisia.kz. С 23 июня по всей стране стартовала информационно-разъяснительная неделя «Закон и Порядок». В рамках этой общереспубликанской кампании сотрудники прокуратуры, полиции, антикоррупционной службы, органов финансового мониторинга совместно с акиматами организовали приемы граждан. Они проходят в крупных торговых центрах и ЦОНах.
Основная цель акции – оказание юридических консультаций, помощь в разъяснении законодательства и порядка получения государственных услуг, а также выявление системных проблем. За первые два дня акции сотрудники правоохранительных органов приняли около 8 тысяч граждан. Обращения касались самых разных тем: земельные отношения, обеспечение жильем, безопасность детей, защита прав предпринимателей, социальные выплаты и другие актуальные вопросы.
Эта акция является частью работы по разъяснению принципов «Закона и Порядка». Важно, чтобы каждый знал: государство не только требует соблюдения закона, но и помогает защищать права граждан.