Құқықтық көмек

«AMANAT» партиясының «Құқықтық көмек» жобасы аясында Шұбарқұдық және Алтықарасу ауылдарында қоғамдық қабылдау өткізілді. Іс – шараның мақсаты – тұрғындардың құқықтық сауаттылығын арттыру және күнделікті өмірде туындайтын заңдық мәселелер бойынша нақты көмек көрсету. Қоғамдық қабылдауға аудан тұрғындары белсенді қатысып, әлеуметтік төлемдер, жер телімін алу, мерзімі өтіп кеткен несие, зейнетақы рәсімдеу, тұрғын үй және алимент мәселелері бойынша сұрақтар қойды.
Ақтөбе облысы әділет департаментінің өкілі Кушаев А.А., адвокат Мукашов А.Ж., нотариус Кабиева Р.Б. қабылдауға келген әрбір тұрғынға нақты түсініктемелер мен заңдық кеңестер берді. «AMANAT» партиясы Темір аудандық филиалының атқарушы хатшысы А.Нұрғалиев: «Мақсат – тек кеңес беру ғана емес, әр азаматтың құқығының қорғалуына нақты ықпал ету. Мұндай қабылдаулар алдағы уақытта да тұрақты түрде өткізіледі» — деп атап өтті.
А.Тлеумбет