Қасым-Жомарт Тоқаев білім беру үдерісіне цифрлық технологиялар мен жасанды интеллектіні жедел енгізуді тапсырды https://kaz.inform.kz/news/kasim-zhomart-tokaev-blm-beru-udersne-tsifrlik-tehnologiyalar-men-zhasandi-intellektn-zhedel-engzud-tapsirdi-83a7ae

0
138

АСТАНА. KAZINFORM — Цифрландыру мен жасанды интеллектіні игеру білім саласындағы теңсіздікті еңсеріп, оқу сапасын айтарлықтай арттыруға үлес қосады. Бұл туралы елордада өтіп жатқан ұстаздардың республикалық тамыз конференциясында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтты.

Фото: Kazinform/ DALL-E/ Freepik
— Әлем жаңа технологиялық дәуірге қадам басты. Оның басты нышанын инновацияның қарқынды дамуы мен жасанды интеллектінің өмірімізге дендеп енуінен байқауға болады. Сондықтан бүгінде «озық ойлы ұлт» пен «технологиялық ұлт» ұғымдары егіз. Біздің міндетіміз – жаһандық үрдістерге бейімделу. Ол үшін білім беру жүйесіндегі цифрлық трансформацияның қарқынын үдету өте маңызды. Цифрландыру мен жасанды интеллектіні игеру білім саласындағы теңсіздікті еңсеріп, оқу сапасын айтарлықтай арттыруға үлес қосады, — деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президенттің айтуынша, бүгінде еліміздегі мектептердің 95 пайыздан астамы жылдам интернетпен қамтылған. Аталған көрсеткішті 100 пайызға жеткізу керек. Жерсерік жүйелерінің мүмкіндіктерін осы мақсатқа пайдалануға болады.

— Мұны жай ғана инфрақұрылымға теңдей қол жеткізу мәселесі емес, әлеуметтік әділдіктің маңызды идеологиялық қағидаты ретінде қарастырған жөн. Сонымен қатар озық инновациялық тәсілдер ерекше қажеттілігі бар балалардың толыққанды білім алуына жол ашып, инклюзивті орта қалыптастыруға мүмкіндік беруде. Елімізде мектепке немесе колледжге қабылдау, сондай-ақ басқа мектепке ауысу бойынша барлық негізгі қызметтер цифрлық жүйеге көшірілген.

Электронды Үкіметтің мобильді қосымшасында білім саласына қатысты барлық ақпарат жиналған Bilim қызметі жұмыс істеп тұр,- деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысының пайымынша, мұғалімдер мемлекеттік маңызы бар жұмысты атқарып жатыр.

Дегенмен, ұстаздың назары бала оқыту ісінде болуға тиіс.

Тегтер:
Қазақстан Президенті
Қасым-Жомарт Тоқаев
Білім
Жасанды интеллект

Марлан Жиембай
Автор
Соңғы жаңалықтар
Алматылық дәрігерлер ауыр жүрек ауруы бар науқасқа күрделі ота жасады
Қытайда чикунгуньяға арналған экспресс-тест әзірленді
Кендірлі зауытының тұщытылған теңіз суының бірінші көлемі Жаңаөзен қаласының су тарату желісіне берілді
Алматының Сайран көлінде бақылау күшейтілді: 250 хаттама толтырылған
Бектенов Еуразиялық үкіметаралық кеңестің кеңейтілген құрамдағы отырысына қатысты
11:21, 15 Тамыз 2025 | GMT +5
Президент «Адал азамат» бағдарламасын педагог мамандар даярлайтын ЖОО-ларда да енгізуді ұсынды
АСТАНА. KAZINFORM – Ұлттық білім саласындағы тәрбие жұмысында біртұтас жүйе болуы керек. Бұл туралы елордада өтіп жатқан ұстаздардың республикалық тамыз конференциясында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтты.

Фото: Ақорда
— Білім тәрбиемен ұштасқанда ғана берекелі, сапалы болады. Білім мен тәрбие – кез келген қоғамның қос тұғыры. Бұл екеуін бір-бірінен бөліп қарауға болмайды. Мектеп – білім мен тәлім-тәрбиенің киелі ордасы. Ұлы Абай «Адам баласы адам баласынан ақыл, ғылым, ар, мінез деген нәрселермен озбақ» деген. Өскелең ұрпақты білімпаздыққа баулу қаншалықты маңызды болса, оларға дұрыс жол көрсету, бағдар беру де соншалықты маңызды. Біз жастардың адал әрі еңбекқор болып өсуіне ерекше мән беруіміз қажет. Ұл-қыздарымыз жақсы мен жаманның, ақ пен қараның арасын ажырата білуі керек, — деді Мемлекет басшысы.

Президенттің атап өтуінше, биылдан бастап елімізде «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы жүзеге асырыла бастайды. Бұл бағдарламаны барлық мектеп, соның ішінде жекеменшік мектептер де қолданады.

— Сондай-ақ, мен осы жобаны педагог мамандар даярлайтын жоғары оқу орындарына да енгізуді ұсынамын. Ұлттық білім саласындағы тәрбие жұмысында біртұтас жүйе болуы керек. Жас ұрпақтың бойына жалпыұлттық құндылықтарды сіңіру қажет. Әрбір жас отаншыл, жасампаз, жаңашыл, білімпаз, еңбекқор, ұқыпты, үнемшіл болып өсуі керек. Сондай азаматтар ғана мәдениетті, қауіпсіз әрі «Заң мен тәртіп» үстемдік құратын қоғамның іргесін қаламақ, — деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысының пайымынша, мұғалімдер мемлекеттік маңызы бар жұмысты атқарып жатыр.

Дегенмен, ұстаздың назары бала оқыту ісінде болуға тиіс.

 

https://kaz.inform.kz/news/prezident-adal-azamat-bagdarlamasin-pedagog-mamandar-dayarlaytin-zhoo-larda-da-engzud-usindi-712fbb