«AMANAT» партиясы

0
159

«AMANAT» партиясының аудандық филиалы мен қоғамдық партиялық бақылау комиссиясы Шұбарқұдықтағы №3 мектеп ғимаратына арнайы барып, жүргізіліп жатқан ішкі жөндеу жұмыстарының барысымен танысты. Тексеру барысында еденге кафель төсеу сапасы, қабырға әрлеу және мектеп ішіндегі санитарлық жағдай назарға алынды. Жөндеу жұмыстарының басты мақсаты — мектептің материалдық-техникалық базасын нығайту, оқу процесінің сапасын арттыру және оқушылардың денсаулығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Жөндеу жұмыстары жергілікті атқарушы органдар мен білім бөлімінің бақылауында. Мердігер ұйымдарға жұмыстарды сапалы және белгіленген мерзімде аяқтау міндеттелген. «AMANAT» партиясы жөндеу жұмыстары толық аяқталғанға дейін бұл мектепті бақылауда ұстайтынын және барлық жұмыстар оқушылар үшін жайлы әрі қауіпсіз орта қалыптастыруға бағытталатынын мәлімдеді. Н.Атай