«AMANAT» партиясы

0
71

«AMANAT» партиясының Темір аудандық филиалы мен аудандық мәслихат депутаты Алма Оразбаеваның қатысуымен Шұбарқұдық ауылдық округіне қарасты Алма Оразбаева көшесінің тұрғындарымен кездесу өтті. Кездесу барысында тұрғындар көше жарығы, көктемде еріген қар суының алдын алу, балалар ойын алаңының қажеттілігі және санитарлық тазалық мәселелерін көтерді. Депутат Алма Оразбаева тұрғындар айтқан ұсыныс-пікірлердің назарға алынатынын, тиісті мекемелерге депутаттық сауал жолданатынын жеткізді. Кездесу барысында халықпен кері байланыс орнату, әрбір көтерілген мәселенің шешімін табу жолдары кеңінен талқыланды. Тұрғындар кездесу ұйымдастырушыларына алғыстарын білдіріп, алдағы уақытта осындай ашық форматтағы жүздесулер жиі өткізіліп тұрса деген тілектерін жеткізді. Н.Атай