Мемлекет басшысының айтуынша, бүгінде Қазақстан тау-кен металлургиясы кешенін дамыту үшін стратегиялық маңызы бар бірқатар жобаны жүзеге асырып жатыр. Фото: Ақорда – Бұл іске Қытайдың ірі компаниялары атсалысуда. Мысалы, Fujian Hengwang Investment компаниясының Жамбыл облысында металлургия зауытын салу жобасын атап өтуге болады. Зауыт жылына үш миллион тонна болат өндіруге мүмкіндік бермек. Ал Jiaxin International компаниясы Алматы облысындағы Бұғыты кенішінде вольфрам кенін өңдеу жобасын іске қосты. Құрылыс индустриясында қытайлық кәсіпкерлермен табысты байланыс орнатылды. Атап айтқанда, China Glass компаниясы Қазақстан үшін теңдесі жоқ шыны зауытының жобасын жүзеге асырды. Жақында Алматы қаласында автокөлік өндіретін мультибрендті зауыт іске қосылады. Зауыт жылына 120 мың көлік шығарады. Соның ішінде GWM (Great Wall Motor), Chery және Changan көліктері бар. Сонымен қатар Алматыда электробус шығаратын BYD компаниясының зауыты іске қосылмақ. Бұл жобалар Қазақстанның экономикасын әртараптандыруға жол ашады. Сондай-ақ еліміздің экспорттық қуатын арттыруға мол мүмкіндік береді. Жалпы, осындай мысалдар көп, олардың барлығын атап өтуге ұзақ уақыт керек болады, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев. Айта кетейік, Қазақстан арқылы өтетін Қытай-Еуропа транзит дәлізінің жүк өткізу мүмкіндігі 5 есе артады.  

0
79

Бүгін Қытай астанасы Бейжің қаласында тарихта тұңғыш рет Қазақ мәдени орталығы ашылды. Салтанатты рәсімге Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қатысты, деп жазады Egemen.kz.

 

Азамат ҚОЙШЫҒАРА

Азамат ҚОЙШЫҒАРА

Бейжіңде тұңғыш рет Қазақстан мәдени орталығы ашылды

ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева бұл оқиғаның мән-маңызына тоқталып, екі ел арасындағы келісімнің нәтижесінде жүзеге асқанын атап өтті.

«2022 жылы екі елдің президенттері деңгейінде Бейжіңде Қазақ мәдени орталығын, ал Астанада Қытай мәдени орталығын ашу жөнінде шешім қабылданған болатын. Екі елдің министрліктері бірлесіп атсалысып, бүгін сол келісімнің нақты нәтижесін көріп отырмыз. Бұл – тарихи оқиға. Өйткені Бейжің қаласының қақ ортасында қазақ мәдениеті мен мұрасын таныстыратын орталықтың ашылуы – біздің өнерімізді, әдебиетімізді, кино саламызды кеңінен насихаттауға зор мүмкіндік береді», — деді министр.

Орталықтың құрылымына мыңнан астам кітапты қамтитын шағын кітапхана, қазақ тарихы мен қолөнерін, зергерлік бұйымдары мен ұлттық киім үлгілерін таныстыратын мұражайлық бұрыш, көрме және кинозал кіреді. Сонымен қатар қазақ тілін үйренуге арналған екі оқу сыныбы ашылды.

Аида Балаеваның айтуынша, бұл орталық тек мәдени көрме орны емес, кешенді жобаларды жүзеге асыратын алаңға айналады.

«Мұнда келушілерге ұлттық музыка, соның ішінде домбыра өнері де насихатталады. Әдебиетімізді, тарихымызды жан-жақты таныстыруға мүмкіндік бар. Қазақтың мәдениеті Бейжің төрінде лайықты түрде көрсетілетін болады», — деді министр.

Осылайша, Бейжіңде ашылған Қазақ мәдени орталығы екі халық арасындағы мәдени байланыстарды тереңдетіп, Қазақстан мен Қытайдың достық қарым-қатынасын жаңа деңгейге көтермек.