Жолдау барысында қозғалған мәселелердің барлығы – қоғамның күнделікті өмірімен тікелей байланысты өзекті жайттар.

Жолдау барысында қозғалған мәселелердің барлығы – қоғамның күнделікті өмірімен тікелей байланысты өзекті жайттар. Құқық бұзушылыққа төзбеушілік, мәдениет пен тәрбие, жастардың патриотизмі, жасанды интеллект дәуіріндегі ғылым-білім мен өнердің дамуы, спорт саласын жетілдіру, жол қауіпсіздігі – бұлардың барлығы мемлекетіміздің болашағына әсер ететін түйінді бағыттар. Әрбір тақырыпта ортақ ой бар: ол – елдің тұрақтылығы мен өркендеуі ең алдымен әрбір азаматтың жауапкершілігіне байланысты деген қағида.
Менің ойымша, Президент көтерген бастамаларды жүзеге асыру үшін қоғам мен биліктің арасында өзара сенім болуы қажет. Жастардың білімге ұмтылысы, өнер мен мәдениет қайраткерлерінің еңбегі, спортшылардың жеңісі, жүргізушілердің тәртіпке бағынуы – мұның бәрі бір-бірімен байланысып, ортақ ұлттық құндылыққа айналғанда ғана біз жаңа белестерді бағындырамыз.
Осы тұрғыдан алғанда, Жолдау – ел дамуының нақты бағыт-бағдарын көрсетіп қана қоймай, әр азаматқа ой салып, жеке жауапкершілігін арттыруға шақыратын құнды құжат деп санаймын. Бастысы – бәріміздің бір мақсатқа ұмтылып, Қазақстанды әділетті әрі өркениетті мемлекетке айналдыруға үлес қосуымыз.
Ардагерлер кеңесінің төрағасы Салиманов Бабатай Қоңырұлы


