Жолдауды қолдау

0
84

Мемлекет басшысының Жолдауында айтылған бастамалар ел дамуының жаңа кезеңіне жол ашатыны анық. Әсіресе, халықтың әл-ауқатын жақсарту, жаңа жұмыс орындарын құру және әлеуметтік әділдікті қамтамасыз ету мәселелері нақты айқындалды. Бұл – ел болашағына жасалған стратегиялық бағдар. Әрбір қазақстандық үшін маңызды бағыттардың бірі – өндіріс пен ауыл шаруашылығында еңбек ететін азаматтардың мәртебесін көтеру.

Жұмысшы мамандықтарының беделін арттыру – мемлекет дамуының берік тірегі. Өйткені кез келген елдің қуаты алдымен еңбек адамына байланысты. Жолдауда осы мәселеге басымдық берілуі қоғамның барлық саласына тың серпін берері сөзсіз. Жастардың өндірісте, ауылда еңбек етуге қызығушылығын ояту – болашаққа берік инвестиция.

Сонымен қатар, аталған бастамаларды жүзеге асыруда жергілікті жерлерде де нақты жұмыстар қолға алынуы тиіс. Азаматтарға қолайлы жағдай жасалса, олардың тұрмысы жақсарып, елдің экономикасы да нығая түседі. Сондықтан Жолдау тек қағаз жүзінде емес, күнделікті өмірде іске асуы – баршамыз үшін басты міндет.

Темір аудандық мәслихатының депутаты Самарханов Түгел Қуанышұлы