Пікір

0
46

Президент Жолдауында атап өткен «Жайлы мектеп» жобасы – білім беру жүйесін жаңғыртудың ең маңызды қадамдарының бірі. Бұл бастама аясында жаңа мектептер салу, ескірген ғимараттарды жаңарту, заманауи оқу жабдықтарымен қамтамасыз ету мәселесі шешілмек. Мұндай жұмыстар ең алдымен балалардың сапалы білім алуына қолайлы жағдай жасайды.

 

Қазіргі заман талабына сай мектептер салу – тек білім сапасын емес, оқушылардың шығармашылық және тұлғалық дамуын да арттырады. Жайлы, жылы әрі қауіпсіз мектеп – баланың сабаққа ынтасын оятады, мұғалімдердің де жұмыс істеуіне жақсы мүмкіндік береді.

 

Бұл жобаның нәтижесінде шалғай ауылдардағы балалар қаладағы құрдастарымен тең білім алады. Ұзақ мерзімде бұл еліміздің адами капиталын дамытып, бәсекеге қабілетті жас ұрпақ тәрбиелеуге ықпал етеді.

 

Калиева Мейрамгүл Сенбаевна Н. Байганин атындағы МБ ның физика пәні мұғалімі