Бүкілреспубликалық «Таза Қазақстан» акциясы 600 мыңнан астам адамды біріктірді

0
40

Бүгін республика бойынша «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы өтті.

?Ауқымды шараға 610 мыңнан астам адам қатысып, жұмылған еңбек нәтижесінде 90 мыңға гектарға жуық территория тазартылды. Сондай-ақ, 180 мың жасыл желек отырғызылды — ағаш түрлері аумақ ерекшелігіне қарай таңдалған — алма, қара мойыл, тал және ирга.

?«Біз, орманшылар, жыл сайын ағаш отырғызамыз, алайда бүгін бұл іске мыңдаған адамның қосылғанын көру- ерекше қуаныш.

?Мұндай акциялар азаматтардың табиғатқа жауапкершілікпен қарауын қалыптастырып, еліміздің орман ресурстарын болашақ ұрпақ үшін сақтауға ықпал етеді», – деп атап өтті Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті төрағасының орынбасары М. Елемесов.