Қоғамдық қауіпсіздік — бәрімізге ортақ жауапкершілік.
Бүгін біз заңда бекітілген маңызды норманы назарларыңызға ұсынамыз.
ҚР «Әкімшілік құқық бұзушылық профилактикасы туралы» Заңының 21-бабына сәйкес, қоғамдық орындарда бет-әлпетті толық жауып, тұлғаны тануға кедергі келтіретін киім киюге тыйым салынған.
Бұл талап:
* қауіпсіздікті қамтамасыз ету,
* құқықбұзушылықтың алдын алу,
* тұрғындардың қорқынышсыз, еркін жүруіне жағдай жасау мақсатында қабылданған.
✅ Бұл норманың діни, медициналық немесе қызметтік киімдерге қатысы жоқ — егер адамның бет-әлпеті анық көрінсе, бұл заң бұзушылық емес.
Бетті тұмшалау — жеке стиль емес, қауіпсіздікке төнетін қауіп элементі.
? Қауіпсіз қоғам — ашық жүзден басталады.
? Ақтөбе облысы дін істері басқармасы
? «Аңсар» ақпараттық-талдау орталығы
#Аңсар #Ақтөбе #ҚоғамдықҚауіпсіздік #ЗаңБәріненБиік #АшықЖүз #21Бап #Профилактика #АқпараттықЖұмыс


