Серікжанов Қуанышбек Серікжанұлы Ақтөбе облысы, Темір ауданы ,Кеңкияқ ауылдық округінің әкімі

0
20

Серікжанов Қуанышбек Серікжанұлы Ақтөбе облысы, Темір ауданы ,Кеңкияқ ауылдық округінің әкімі. Әкімдік қызметке сайланғанына  2 жыл дан асты. 2023 жылдың 15 қазанында әкім болып сайланды. Оған дейін мемлекеттік қызметте 2014 жылдан бастап еңбек өтілі 10 жыл. Бүгінгі форумның берері көп. Президентіміздің қатысуымен өтті. Ол жерде барлық 2000 нан астам ауылдық округ әкімдері бүкіл Республика бойынша қатысты. Бұл пікір алмасу ,тәжірибе бөлісу алаңы бұның берер бізге пайдасы өте зор. Президентіміз өзінің сөзінде қозғап өтті. Бірқатар мәселелерді көкейде жүрген солардың бірі мысалыға мен өзімнің өңіріме қатысты айтатын болсам, мынау экологиялық төлемдер мәселесі.  Экологиялық төлемдердің бірсыпырасын сол өңірде қалдыру.Бұл енді біздің өңірдің Темір ауданының соның ішінде Кеңкияқ ауылдық округінің халықы үшін берер пайдасы өте зор.Өйткені бұл сол төлемдер арқылы біз өзіміздің бірқатар мәселелерімізді шешуімізге қол жеткіземіз, инфрақұрлымдық мәселелер бар басқа да әлеуметтік нысандарға қатысты мәселелеріміздің оң шешімін осы төлемдер арқылы жүзеге асырамыз дейміз. Одан бөлек салық түсімдерінің бір сыпырасын қалдыру , ол да біздің бюджетіміздің толықтырылуына септігін тигізеді.

Биылғы жылда қол жеткізген нітижеміз жаман емес. Біріншіден нақтырақ айта кетсек мысалға қазір салық түсімдері 117% -ға орындалып отыр, екінші айтып өтетін үлкен мәселе үлкен жобалар жүзеге асты. Спорт кешені күрделі жөндеуден өтіп пайдалануға берілді. Өзіміздің өңіріміздегі жастардың бұқаралық спорт түрінің дамуына үлкен септігін тигізеді деп ойлаймын. Алдағы уақытта қазіргі инфрақұрлым бағытында осы 2 жыл ішінде күрделі және орташа жөндеуден 15 көше өтті. Жөнделген көшелердің үлес салмағы қазіргі таңда 85%-ды құрап отыр. Бұл үлкен көрсеткіш деп ойлаймын. Алдағы жоспарда да тағы да көшелеріміз бар, оларды жөндеп қолданысқа беру туралы ,одан басқа жарықтандыру мәселесі, әлеуметтік салада бірқатар  мәселелеріміз бар оларды алдағы уақытта кезеңде жүзеге асырамыз деп ойлаймын.

Сайлау алды бағдарламамда берген мәселенің бірі айтып өткен инфрақұрлымды дамыту,жол ,жарық мәселелері қазіргі таңда  біршама шешімін тапты. Алдағы сайлау алды бағдарлама орындалуы, алдағы мерзім ішінде қол жеткіземіз деп ойлаймын. Уақыт көрсетеді қаражат мәселесінде бәрін. Кеңкияқ округінде қазір   6500 ден астам халық бар.