Келісімді нығайтудағы білімнің рөлі

0
20

Келісімді нығайтудағы білімнің рөлі

Қазақстандағы білім беру жүйесі бейбітшілік мәдениетін қалыптастыруда маңызды орын алады. Мектептерде тарих, құқық, қоғамтану сабақтарында әртүрлі халықтардың мәдениетін таныстыру – ортақ Отанымызға деген құрметті арттырады.

Жоғары оқу орындарында да мәдениетаралық алмасу бағдарламалары жүзеге асып, студенттік достық клубтары жұмыс істейді.

Ерекше маңызға ие тіл саясаты – мемлекеттік тілді дамыту, орыс тілі мен этностардың ана тілдерін қолдау. Бұл – көптілді орта қалыптастырып, тілдік құқықтарға құрметпен қарауды үйретеді.

Бала жастан өзгені қабылдауға және бағалауға үйренген ұрпақ – ертеңгі бейбіт қоғамның кепілі.

Жангельдина Назерке, С.Бәйішев атындағы университетінің «Достық» клубының жетекшісі