Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының шешімдерін орындау және заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңына қол қойды

0
23

Аталған Заң Конституциялық Соттың нормативтік қаулыларын іске асыру мақсатында әзірленіпзаңнаманы Конституцияға сәйкестендіругежария және жеке мүдделер арасындағы теңгерімді қамтамасыз етугесондай-ақ тиімді сыбайлас жемқорлыққа қарсы тетіктерді сақтай отырыпмемлекеттік қызметтің тартымдылығын арттыруға бағытталған.

Заңның негізгі бағыттарының бірі – 2023 жылғы 13 маусымдағы Конституциялық Соттың нормативтік қаулысында көрсетілген құқықтық ұстанымдыескере отырып әзірленген «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңға енгізілген өзгерістер болып табыладыАтап айтқандаегер мұндай шектеу конституциялық тұғырды қорғауқоғамдық тәртіпті сақтау, адам құқықтары мен бостандықтарынхалықтың денсаулығы мен имандылығын қорғау мақсаттарымен негізделмесемемлекеттік функцияларды орындауға уәкілетті адамдарға теңестірілген тұлғалар үшін кәсіпкерлік және өзге де ақы төленетін қызметпен айналысуға тыйым салу алынып тасталды.

Конституциялық Сот кәсіпкерлік қызметті шектеу дифференцияланған болуы және лауазымдық міндеттердің сипатына байланысты айқындалуы тиісекенін атап өтті.

Осы Конституциялық Сот шешімін іске асыру мақсатында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңның 13-бабынан мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілетті адамдарға теңестірілген тұлғалар үшін кәсіпкерлік және өзге де ақы төленетін қызметпен айналысуға тыйым салу нормасы алып тасталды.

Оларға мемлекеттік орган болып табылмайтын мемлекеттік мекемелердемемлекеттік кәсіпорындарда (оның ішінде мектептердеауруханаларда) және квазимемлекеттік сектордың өзгеде субъектілерінде басқарушылық функцияларды жүзеге асыратын тұлғалар (бірінші басшыларолардың орынбасарларымемлекеттік сатып алу департаменттерінің басшыларыфилиалдар басшылары), «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының қызметкерлерісондай-ақ көлік жолдарында техникалық және авторлық қадағалауды жүзеге асыратын тұлғалар жатады.

Сонымен қатарЗаңда мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілетті адамдарға теңестірілген тұлғалардың кәсіпкерлік және өзге де ақы төленетін қызметпен айналысуына жол берілмейтін жағдайлар бекітілгенАтап айтқандаегер мұндай қызмет лауазымдық міндеттерді орындауға кедергі келтірсеқызметтік мүлікті пайдалануға әкеп соқса немесе мүдделер қақтығысын тудырсамұндай қызметке тыйым салынады.

Бұл ретте аталған тұлғалар бұрынғыдай сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының субъектілері болып қала бередімемлекеттік қызметшілермен тең дәрежеде сыбайлас жемқорлыққа қарсы органның бақылауында болады және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтары үшін қылмыстық және әкімшілік жауаптылықта болады.

Осыған орайоларға қаржылық бақылаушараларымүдделер қақтығысының алдын алу жөніндегі талаптарсондай-ақ туыстарымен бірлесіп қызмет атқаруға тыйым салу нормалары қолданылады.

Тиісіншекәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру кезінде белгіленген шектеулерді бұзуоның ішінде қызметтік мүлікті пайдалану немесе мүдделер қақтығысы жағдайында қызмет атқару фактілері анықталған жағдайда, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңда сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді сақтамағаны үшін жұмыстан босату түріндегі жауаптылық көзделген.

Қабылданған Заң конституциялық заңдылықты нығайтуға және әділеттілікашықтық пен құқықтық мемлекет қағидаттарын одан әрі дамытуға бағытталған.