ТЕМІР АУДАНЫНДАҒЫ ӘЛЕУМЕТТІК ЖОБАЛАР: ӨҢІРДІҢ ТҰРАҚТЫ ДАМУЫНЫҢ НЕГІЗГІ ТЕТІГІ

ТЕМІР АУДАНЫНДАҒЫ ӘЛЕУМЕТТІК ЖОБАЛАР: ӨҢІРДІҢ ТҰРАҚТЫ ДАМУЫНЫҢ НЕГІЗГІ ТЕТІГІ
Бүгін Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Қ.Әлішев Темір ауданына жұмыс сапарымен келді. Сапар барысында аудан әкімі А.Жақсылықов ауданның әлеуметтік инфрақұрылымын дамыту бағытындағы бірқатар маңызды нысандардың құрылысы және жұмыс барысымен таныстырды.
Алдымен Темір қаласындағы «Темір орман шаруашылығы» мемлекеттік мекемесіне барып, орман шаруашылығы саласының өзекті мәселелері бойынша ұжыммен кездесу өтті. Сонымен қатар, 2025 жылы пайдалануға берілген жаңа дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің қызметімен танысты.
Кейіннен Кеңқияқ ауылына барып, 600 орындық «Келешек мектебі» жобасының құрылыс барысы қарап, аурухана ұжымымен кездесіп, денсаулық сақтау саласындағы өзекті мәселелер мен алдағы жоспарлар талқыланды.
Сонымен қатар, ауыл тұрғындарын қабылдап, тұрғындар тарапынан көтерілген әлеуметтік маңызы бар мәселелер мен ұсыныстар назарға алынды.
Сапар қорытындысы бойынша әлеуметтік нысандардың құрылысын уақтылы әрі сапалы аяқтау, аудан инфрақұрылымын жақсартуға бағытталған жұмыстарды күшейту жөнінде тиісті тапсырмалар берілді.




