Пікір

Ел азаматы, аға буын өкілі ретінде Мемлекет басшысының «Ұлттық цифрлық мұра» қорын құру туралы бастамасын толық қолдаймын. Қазіргі таңда уақыт талабына сай тарихымыз бен мәдени құндылықтарымызды цифрлық форматта сақтау – аса маңызды әрі қажет іс.
Бұл бастама арқылы ата-бабамыздан қалған асыл мұра жоғалмай, жүйеленіп, келер ұрпаққа аманат ретінде жеткізілмек. Сонымен қатар, қазақ халқының бай рухани қазынасын заманауи технологиялар арқылы әлемге танытуға мүмкіндік туады.
«Ұлттық цифрлық мұра» – өткен мен бүгінді сабақтастырып, ұлт жадысын сақтайтын маңызды жоба деп білемін.
Ардагер Султанов Баксиық Наурызбаевич



