Азат Перуашев: Конституциялық реформа – бұл бүкіл саяси жүйені терең қайта жаңғырту

0
31

Пропорционалды жүйе бойынша сайланатын бір палаталы Парламентке көшу Қазақстанның саяси жүйесін дамытудың қисынды жалғасы болып табылады. Бұл туралы Мәжіліс депутаты Азат Перуашев Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның үшінші отырысында мәлімдеді.

 

Ол өзінің саяси процестерге қатысу тәжірибесі негізінде «Ақ жол»  демократиялық партиясы Мемлекет Басшысының бір палаталы Парламентке көшу жөніндегі бастамасына нық қолдау білдіргенін еске салды.

 

Азат Перуашевтың айтуынша, екі палаталы Парламент – бұл федералдық мемлекеттік құрылым институты, онда Сенаттың міндеті –федерация субъектілерінің заңнамасын ұсыну және үйлестіру.

 

«Қазақстан бірыңғай заңдары мен ережелері бар унитарлық мемлекет болып табылады. Біз Шемонаихадан Форт- Шевченкоға дейін, Бескөлден Шардараға дейінгі әртүрлі аймақтардағы адамдардың өмір сүру сапасы мен мемлекеттік қызметтерге бірдей кепілдік беріліп, қорғалуына ұмтыламыз. Бұл тұрғыда өңірлер мен олардың тұрғындарының мүдделері тең дәрежеде сақталуы тиіс», — деді Азат Перуашев.

 

Ол Мемлекет басшысы бұл бағытта 2022 жылы қадам жасағанын айтты: сол кезде заңдардың қабылдануы Мәжіліс құқығына жатқызылды, ал Сенатқа заң жобаларын мақұлдау немесе оларға ұсыныстар енгізу функциясы берілді.

«Сондықтан Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың қазіргі бастамасы Конституцияның дәйекті эволюциясының логикасын көрсетеді. Сонымен қатар бұл біздің саяси жүйеміздің және оның институттарының жетілуін жеделдетеді», – деп атап өтті Азат Перуашев.

 

Оның айтуынша, бүгінгі таңда бір палаталы Парламенттің мемлекеттік билік жүйесіндегі өкілеттігін күшейту бойынша оңтайлы шешімдер әзірленді.

 

Сонымен қатар, Конституцияда оның мәртебесін бекіте отырып, Халық Кеңесі жоғары консультациялық органын құру туралы бастама  түрлі этностар өкілдерінің билік жүйесіне қатысуын 8 есе кеңейтеді, өңірлердің мүдделерін білдіруді бекітеді және азаматтық қоғам көшбасшыларының саяси жүйеге тартылуын қамтамасыз етеді.

Партиялық тізімдер бойынша Парламент депутаттарын сайлауға көшу бөлігінде бұл ұстаным парламентаризмнің жинақталған халықаралық тәжірибесін көрсететінін атап өтті Азат Перуашев.

 

Оның пікірінше, пропорционалды жүйе сайланбалы органдарда қоғам мүдделерінің кең өкілдігін қамтамасыз етеді, мықты  партиялардың өсуіне ықпал етеді және саяси практикадағы еуропалық трендтерге сәйкес келеді.

 

«Іске асырылып жатқан конституциялық реформа – бұл халықаралық тәжірибеге және парламенттік оппозицияның көп жылдық тәжірибесіне сүйенетін бүкіл конституциялық жүйенің шын мәнінде терең қайта жаңғыруы», – деп атап өтті Азат Перуашев.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Азат Перуашев: Конституционная реформа – это глубокая перезагрузка всей политической системы

 

Переход к однопалатному Парламенту, избираемому по пропорциональной системе, является логическим продолжением развития политической системы Казахстана. Об этом заявил депутат Мажилиса Азат Перуашев на третьем заседании Комиссии по Конституционной реформе.

 

Он напомнил, что на основании собственного опыта участия в политических процессах Демократическая партия «Ақ жол» заявила о решительной поддержке инициативы Главы государства по переходу к однопалатному Парламенту.

 

По словам Азата Перуашева, двухпалатный Парламент – это институт федерального государственного устройства, где задача Сената – представительство и гармонизация законодательства субъектов федерации.

 

«Казахстан является унитарным государством с едиными законами и правилами. Мы стремимся, чтобы качество жизни людей и госуслуг в самых разных регионах – от Шемонаихи до Форта-Шевченко, от Бесколя до Шардары – были равным образом гарантированы и защищены. В этом смысле интересы регионов и их жителей должны поддерживаться равным образом», – сказал Азат Перуашев.

 

Он добавил, что Глава государства сделал шаг в этом направлении еще в 2022 году: тогда принятие законов было отнесено к праву Мажилиса, а Сенат был наделен функцией одобрения либо внесения предложений к законопроектам.

 

«Поэтому нынешняя инициатива Касым-Жомарта Кемелевича Токаева следует логике последовательной эволюции Конституции. Более того, она ускоряет созревание нашей политической системы и ее институтов», – подчеркнул Азат Перуашев.

 

По его словам, на сегодняшний день выработаны оптимальные решения по усилению полномочий однопалатного Парламента в системе государственной власти.

Вместе с тем инициатива о создании высшего консультативного органа Халық Кеңесі с закреплением его статуса в Конституции: в 8 раз расширяет участие в системе власти представителей различных этносов, закрепляет представительство интересов регионов и обеспечивает вовлечение в политическую систему лидеров гражданского общества.