ПІКІР

0
15

Жаңартылған Конституция мемлекеттің құқықтық құрылымын айқындаумен қатар, қоғамның рухани-адамгершілік бағдарын нақтылап беретін құжат ретінде ерекшеленеді. Онда мемлекеттің дамуы тек басқару тетіктері арқылы емес, ортақ құндылықтарға сүйену арқылы жүзеге асатыны айқын көрсетілген. Бұл қоғамның ішкі тұтастығын күшейтетін маңызды негіз.

Қоғамдық келісім, бірлік пен өзара сыйластықты басты қағида ретінде бекіту Қазақстанның көпэтносты құрылымына толық сай келеді. Ұлтаралық және дінаралық татулықты сақтау мемлекеттіліктің берік іргетасы ретінде танылып, тұрақты дамудың басты шартына айналуда. Мұндай ұстаным ел ішіндегі бейбітшілік пен сенімді нығайтады.

Ардагерлер кеңесінің төрағасы Салиманов Бабатай Қоңырұлы