ПІКІР

0
15

Жаңа Конституция жобасы – елдің өткені мен болашағын жалғайтын маңызды құжат. Онда бірлік пен татулықтың, ел тұтастығының басты құндылық ретінде айқындалуы – ата-бабадан келе жатқан аманатқа адалдықтың белгісі. Ақсақал ретінде ең бастысы – қоғамда әділдік пен өзара сыйластықтың орнығуы деп білемін. Заңның үстем болуы, тәртіп пен жауапкершіліктің күшеюі жастардың дұрыс бағытта тәрбиеленуіне, елдің тыныштығы мен тұрақтылығына қызмет етеді.

Ардагерлер кеңесінің мүшесі Ілиясов Нұрсұлтан