ПІКІР

0
17

Жаңа Конституция жобасын зерделей отырып, ел болашағы үшін жасалып жатқан маңызды қадамды көріп отырмын. Бұл құжатта адам қадір-қасиетін қорғау, заң үстемдігін күшейту, әділдік пен жауапкершілікті орнықтыру айқын көрініс тапқан. Әсіресе, азаматтардың құқықтарын қорғауға, әділ сот жүйесін қалыптастыруға бағытталған нормалар қоғамдағы тәртіп пен сенімді нығайтады деп есептеймін.

Ақсақал ретінде айтарым – заң мықты болса, ел де берік болады. Жаңа Конституция жобасы жастардың болашағын ойлап, отбасы құндылықтарын сақтауға, халықтың бірлігі мен татулығын күшейтуге бағытталған. Осындай әділ әрі нақты заңдар қабылданса, мемлекетіміздің іргесі бекіп, келер ұрпаққа тұрақты да сенімді ел қалдырамыз деп сенемін.

Ардагерлер кеңесінің мүшесі Қонаев Амантай