Жаңа Конституция жобасы – еліміздің құқықтық, саяси және әлеуметтік жүйесін жаңғыртуға бағытталған маңызды құжат

Жаңа Конституция жобасы – еліміздің құқықтық, саяси және әлеуметтік жүйесін жаңғыртуға бағытталған маңызды құжат. Онда азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау, әділеттілік пен заң үстемдігін қамтамасыз ету басты қағидалар ретінде көрсетілген. Бұл қоғамдағы тұрақтылықты нығайтып, мемлекет пен азамат арасындағы сенімді арттырады.
Сонымен қатар құжатта білім, ғылым және жастар саясатына ерекше мән берілуі елдің интеллектуалдық әлеуетін күшейтіп, тұрақты дамуға жол ашады. Жаңа Конституция – қоғамды жаңғыртуға және саналы, жауапты азаматтарды қалыптастыруға бағытталған маңызды бастама.




