5 ақпан – Дүниежүзілік сайлау күні

0
49

 

Дүниежүзілік сайлау күні жыл сайын ақпанның бірінші бейсенбісінде атап өтіледі.

Мерекенің мақсаты — азаматтардың демократиялық сайлаудың маңыздылығы туралы хабардарлығын арттыру, сайлау құқықтарын қорғау және сайлау мәдениетін дамыту. Бұл күні сайлауға қатысуды насихаттауға және демократиялық құндылықтарды нығайтуға бағытталған ағартушылық іс-шаралар, конкурстар, дәрістер мен талқылаулар өткізіледі.

Қазіргі уақытта «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» ҚР Конституциялық заңымен аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің тікелей сайлауын өткізу тәртібі регламенттелген. Қазақстанда сайлау өткізудің ережелері, рәсімдері және негізгі принциптері «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы», «Республикалық референдум туралы», «Қазақстан Республикасының Президенті туралы», «Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының конституциялық заңдарында, сондай-ақ бірқатар басқа нормативтік құқықтық актілерде белгіленеді.

Шын мағынасында осы күні әрбір кәмелетке толған ел азаматтарының қатысы бар. Өйткені, кәмелеттік жасқа толғаннан бастап, яғни 18 жастан бастап Қазақстан азаматтары белсенді сайлау құқығына ие болады, яғни сайлау процесіне сайлау және толық құқылы қатысу құқығына ие болады.

Ал сайлауды қамтамасыз етуге, ұйымдастыруға және өткізуге қатысты айтар болсақ, бұл – сайлау комиссияларының құзыреті. Дүниежүзілік сайлау күні оқырмандарға сайлау процесін қамтамасыз ететіндерді еске салуға себеп болады.

Ақтөбе облыстық сайлау комиссиясының бастамасымен Дүниежүзілік сайлау күнін мерекелеу аясында 2026 жылдың 26 қаңтар — 6 ақпаны аралығында Темір аудандық  аумақтық сайлау комиссиялары әртүрлі деңгейдегі 51 іс-шараны өткізуді жоспарлап отыр. Темір аудандық аумақтық және учаскелік сайлау комиссияларында «Ашық есік күндері» өтеді, сонымен қатар сайлау комиссиялары мүшелерінің қатысуымен білім беру мекемелерінде оқушылармен «Сайлау және сайлану Конституциялық құқық» тақырыбында кездесулер, сынып сағаттары, кітапханаларда көрмелер, сайланған әкімдер мен сайланған депутаттармен кездесулер  өткізіліп, сұхбаттар жүргізіледі.

Темір ауданы бойынша сайлау органдарының құрылымына тоқталатын болсақ:

Қазақстан Республикасындағы сайлауды әзірлеу мен өткізуді ұйымдастыратын мемлекеттік сайлау органдары сайлау комиссиялары болып табылады.

Темір ауданының сайлау органдарының құрылымы 1 аумақтық сайлау комиссиясын,  28 учаскелік сайлау комиссияларын және 12 округтік сайлау комиссияларын біріктіреді. Сайлау комиссияларының сандық құрамы олардың өкілеттіктерімен, сондай-ақ сайлаушылардың санымен айқындалады. Мысалы, аумақтық сайлау комиссиялары жеті адамнан тұрады. Учаскелік сайлау комиссиялары жағдайында-олардың саны осы учаскенің шекарасындағы сайлаушылар санына тікелей байланысты. Сайлаушылардың санына байланысты учаскелік сайлау комиссияларының құрамы бес, жеті, тоғыз адамды құрауы мүмкін. Округтік сайлау комиссиялары бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша Парламент Мәжілісінің және мәслихаттардың депутаттарын сайлауды ұйымдастыру мен өткізуді қамтамасыз етеді. Округтік сайлау комиссияларының құрамы бес мүшеден тұрады.

Әрбір сайлау комиссияларының мүшелері Заң аясында Сайлау комиссияларының басты миссиясы – Президент, Парламент және мәслихаттар депутаттарының, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің, өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органдары мүшелерінің сайлауын дайындауды, ұйымдастыруды және өткізуді қамтамасыз ету екені түсінікті. Бірақ бұл ретте аумақтық комиссияның өкілеттіктеріне, басқалармен қатар, учаскелік сайлау комиссияларының қызметіне басшылықты жүзеге асыру кіреді.

Бүгінгі күнге аудан бойынша 20758 сайлаушы тіркелген.

Өткен жылы 5 ауылдық округ әкімдерінің сайлауы өткізілді.

Биылғы Дүниежүзілік сайлау күні аудандық аумақтық сайлау комиссиясының мүшелері үшін кезекті сайлау науқаны – Темір қаласы әкімінің сайлауымен тұспа-тұс келіп отыр. Сайлау комиссиясының мүшелері үшін- бұл ауыл әкімдерінің тікелей сайлауын өткізудің алғашқы тәжірибесі емес. 2021 жылдан бері ауыл әкімдері тікелей халық болып сайланғанын еске сала кеткен жөн. Айта кету керек, ауыл әкімдерін сайлау күні олардың өкілеттік мерзімінің аяқталуына сәйкес анықталады, ол төрт жылды құрайды. Темір қаласы әкімінің сайлауы ағымдағы жылдың 8 ақпанына белгіленді. Дауыс беру құқығына ие болған ауыл тұрғындарын осы күні сайлау учаскесіне шақырып, еркін дауыс беру конституциялық құқығын пайдалануға шақырамыз.

 

Темір аудандық аумақтық сайлау

комиссиясының төрағасы А.Мустафин