Ағымдағы жылдың 6 ақпанында Темір аудандық маслихатындағы «ΑΜΑΝΑΤ» партиясының депутаттық фракция отырысы өтті.

Жиынға Темір аудандық мәслихат төрағасы Б.Шаимов қатысып, Қазақстан Республикасы жаңа Конституциясының жобасы туралы айтты.
Қазақстанда ұсынылған жаңа Конституция жобасы елдегі саяси реформаларды жалғастыруға және мемлекеттік басқару жүйесін жаңғыртуға бағытталған маңызды құжат болып табылады. Бұл жоба қоғамда әділеттілік, ашықтық және халықтың билікке сенімін арттыру қажеттілігінен туындап отыр. Қазақстандағы жаңа Конституция жобасы елдің саяси жаңғыруына мүмкіндік беретін маңызды бастама. Егер ол халықтың кең қолдауымен, ашық талқылау арқылы қабылданып, нақты реформалармен жалғасса, бұл әділетті және демократиялық Қазақстанды қалыптастыруға берік негіз бола алады.
Жобаның оң тұстарының бірі суперпрезиденттік басқару моделінен біртіндеп бас тартып, билік тармақтары арасындағы тепе-теңдікті күшейтуге ұмтылуы. Парламенттің рөлін арттыру, Конституциялық Сотты қайта құру, адам құқықтарын қорғау тетіктерін нығайту -демократиялық дамуға жасалған маңызды қадамдар деп бағалауға болады. Сонымен қатар, жергілікті өзін-өзі басқаруды дамытуға және азаматтардың мемлекеттік шешімдер қабылдауға қатысуын кеңейтуге бағытталған өзгерістер де өзекті.
“AMANAT” партиясы Темір аудандық филиалы.

