Пікір
Халық қалаулысы ретінде Жаңа Конституция жобасын жан-жақты талқылау – аса маңызды әрі жауапты кезең деп есептеймін. Конституция – мемлекеттің құқықтық, саяси және әлеуметтік негізін айқындайтын басты құжат. Сондықтан оны жетілдіру мәселесі кең қоғамдық талқылаумен қатар, халықтың тікелей ерік білдіруін талап етеді.
Осы тұрғыда референдум өткізу – демократиялық қағидаттарға сай шешім. Референдум арқылы азаматтар ел дамуының негізгі бағытын айқындауға қатысады. Бұл Негізгі заңның мазмұнын халықтық сипатта бекітудің маңызды тетігі болып табылады.
Жаңа Конституция жобасы мен оны референдумға шығару бастамасы елдің саяси мәдениетін жаңа деңгейге көтеруге бағытталған. Мұндай қадам қоғам мен мемлекет арасындағы өзара сенімді нығайтуға ықпал етеді.
Аудандық масілихат депутаты А.Абдулин




