Ата Заң» сезі алғаш рет Конституцияның ресми мәтініне енгізіледі

«Ата Заң» сезі алғаш рет Конституцияның ресми мәтініне енгізіледі
«Референдум-2026» онлайн марафонында Конституциялық Сот төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов тарихи жаңалықты жариялады. Осы уақытқа дейін тек БАҚ пен әдебиетте қолданылып келген «Ата Заң» ұғымы енді еліміздің бас құжатының ресми мәтінінде бекітілмек.
Бақыт Нұрмұхановтың айтуынша, бұрын біз «Ата Заң» сезін тек мақалалар мен журналдарда ғана қолданатын едік. Ал жаңа жобада бұл ұғым ресми заңнамалық мәртебеге ие болып отыр.
— Қазіргі жобаның соңында «біртұтас Қазақстан халқы еліміздің Ата Заңын Конституциясын қабылдаймыз» деп нақты жазылған. Бұл сөздің артында үлкен мағына мен тарихи салмақ жатыр, — деді Б. Нұрмұханов.
Ақпараттық алаңда тераға орынбасары преамбуладағы тағы бір маңызды штрихқа тоқталды. Жаңа жобада «Қазақстан халқы» емес, «біртұтас Қазақстан халқы» деген анықтама берілген. Бұл еліміздегі 100-ден астам ұлт пен 20-ға жуық конфессияның бірлігін заң жүзінде бекемдейді.
Сонымен қатар, Конституцияда алғаш рет Қазақстанның байырғы жеріндегі мыңдаған жылдық мемлекеттілік тарихының сабақтастығы атап өтілген. Бұл біздің 1991 жылдан ғана басталған «жас мемлекет» емес, тамыры тереңде жатқан ел екенімізді айғақтайды.
Дереккөз: inform.kz
Тысячелетняя история развития государства закрепляется в проекте новой Конституции РК
Заместитель председателя Конституционного суда Бакыт Нурмуханов сообщил историческую новость: понятие «Ата Заң», ранее употреблявшееся лишь в СМИ и литературе, теперь будет закреплено в официальном тексте главного закона страны.
По его словам, прежде выражение «Ата Заң» использовалось только в статьяхи журналах, тогда как в новом проекте оно получает официальный правовой статус.
— В завершении нынешнего проекта прямо сказано: «Единый народ Казахстана принимает наш Ата Заң Конституцию». За этими словами стоит глубокий смысл и значительная историческая нагрузка, отметил Бахыт Нурмуханов.
Он также обратил внимание на еще один важный штрих в преамбуле. В новом проекте используется формулировка не «народ Казахстана», а «единый народ Казахстана». Это закрепляет на законодательном уровне единство более чем 100 этносов и около 20 конфессий, проживающих в стране.
Кроме того, в Конституции впервые подчеркнута преемственность тысячелетней государственности на исконной земле Казахстана. Это свидетельствует о том, что страна не «молодое государство», возникшее лишь в 1991 году, а государство с глубокими историческими корнями.



