Цифрландыру – жастардың болашағына жасалған инвестиция

Мен белсенді жас ретінде Жаңа Конституция жобасындағы цифрландыру бағытын ерекше қолдаймын. Бүгінгі жастар – технологиямен бірге өсіп келе жатқан буын. Біз үшін онлайн қызмет алу, цифрлық платформаларда білім алу немесе кәсіп бастау – қалыпты жағдай. Сондықтан цифрлық даму мен ақпараттық қауіпсіздіктің заңдық тұрғыда бекітілуі – уақыт талабына сай шешім.
Қазіргі таңда мемлекеттік қызметтердің көпшілігі электронды форматқа көшті. Бұл – ашықтықты арттырып, уақыт үнемдеуге мүмкіндік береді. Алайда цифрландырумен бірге жеке деректердің қорғалуы, киберқауіпсіздік мәселелері де алдыңғы орынға шығады. Осы тұрғыда конституциялық деңгейде кепілдік берілуі – жастар үшін сенімділік факторы.
Менің ойымша, цифрландыру – жай ғана технологиялық үрдіс емес, ол – елдің бәсекеге қабілеттілігін арттыратын стратегиялық бағыт. Жастарға жаңа мүмкіндіктер ашатын, инновация мен стартаптарға жол беретін құқықтық негіздің болуы – болашаққа салынған инвестиция деп есептеймін.
Белсенді жас Зайдуллина Гүлнұр



