Дания Еспаева: Мемлекет кәсіпкердің бизнесі мен меншігін қорғауға міндетті

0
16

Дания Еспаева: Мемлекет кәсіпкердің бизнесі мен меншігін қорғауға міндетт

 

«Ақжол» партиясының өкілі Дания Еспаева «Жаңа Конституция – жаңа мүмкіндіктер» атты партияаралық дебатта сөз сөйледі.

 

Оның айтуынша, жаңа конституциялық нормаға сәйкес мемлекет кәсіпкердің бизнесі мен меншігін қорғауға міндетті. Яғни кәсіпорын, өнім немесе инвестиция заңмен толық қорғалады.

 

Сондай-ақ егер салық органы шотты негізсіз бұғаттаса, кәсіпкер сот арқылы шешімді жойдырып қана қоймай, шығынды мемлекеттен өтете алады.

 

Бұл өзгерістердің негізінде үш басты құндылық жатыр: Қорғаныс, сенім және әділдік.