Мәслихат депутаттары Тәуелсіздік сарайында өткен форумға қатысты

Мәслихат депутаттары Тәуелсіздік сарайында өткен форумға қатысты
Ауданымыздың мәслихат депутаттары 2026 жылғы 12 наурызда Тәуелсіздік сарайында Мемлекет басшысының қатысуымен өткен Мәслихат депутаттарының ІІІ республикалық форумы жұмысына белсенді түрде қатысты. Форум барысында аймақтық деңгейде депутаттық қызметтің тиімділігін арттыру, жергілікті қоғам өмірін дамыту, сондай-ақ тұрғындардың әлеуметтік мәселелерін шешу бағытындағы жаңа бастамалар талқыланды.
Депутаттар үшін арнайы ұйымдастырылған секциялар мен панельдік пікірталастарда заңнамадағы өзгерістер, бюджеттік процесстердің ашықтығы, және аймақтардағы дамуды жеделдету жолдары қаралды. Ауданымыздың өкілдері өз тәжірибелерімен бөлісіп, тәжірибелі әріптестермен пікір алмасып, өз ауданының мүдделерін қорғауда маңызды ұсыныстар енгізді.
Форумның қорытындысы бойынша, депутаттық жұмыс тиімділігін арттыруға бағытталған жаңа жобалар мен бағдарламалар бекітіліп, оларды өңірлерде кезең-кезеңімен іске асыру жоспарланды.
Ауданымыздың мәслихат депутаттары үшін бұл іс-шара — тәжірибе жинақтап, байланыс желілерін кеңейтіп, тұрғындардың мәселелерін шешуде жаңа жолдар ашатын маңызды мүмкіндік болды.
“Аманат”партиясы Темір аудандық филиалы