Албанияның Мемлекеттік сайлау комиссары Қазақстандағы референдумның ашықтығы мен тарихи маңызын атап өтті

0
9

Албанияның Мемлекеттік сайлау комиссары Қазақстандағы референдумның ашықтығы мен тарихи маңызын атап өтті

 

Қазақстанда өткен республикалық референдумның өту барысын халықаралық бақылаушылар да қадағалап жатыр. Солардың бірі — Албания Республикасының Мемлекеттік сайлау комиссары Илирджан Челибаши. Ол Қазақстанға Орталық сайлау комиссиясының шақыруымен келген.

Шетелдік делегация Астана қаласындағы бірнеше дауыс беру учаскесінде болды. Бақылаушылар барған нысандардың бірі — Астана қаласы әкімдігінің «№119 жалпы білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде орналасқан референдум учаскесі.

 

Илирджан Челибаши бұл оның Қазақстанға алғаш рет келуі екенін айтты.

 

«Мен Албания Республикасының Мемлекеттік сайлау комиссары болып қызмет атқарамын. Қазақстанға Орталық сайлау комиссиясының шақыруымен келдік. Бұл — менің де, біздің делегацияның да Қазақстанға алғашқы сапары», — деді ол.

 

Халықаралық бақылаушының айтуынша, референдум барысында көрген дайындық жұмыстары жақсы әсер қалдырған.

 

«Біз бірнеше учаскеде болдық. Дауыс беру процесінің қалай өтіп жатқанын көрдік. Комиссия мүшелерімен сөйлестік, дауыс беру тәртібі туралы сұрадық. Барлығы түсінікті түрде ұйымдастырылған. Қазіргі көріп отырғанымыз бойынша, дайындық жақсы деңгейде», — деді Челибаши.

 

Оның сөзінше, референдумның нақты бағасы дауыс беру аяқталғаннан кейін ғана беріледі.

 

«Қорытындыны күн соңында ғана айтуға болады. Біз әлі бірнеше учаскеге барамыз. Бірақ қазіргі әсеріміз жақсы, бәрі тыныш әрі ретімен өтіп жатыр», — деді халықаралық бақылаушы.

 

Албаниялық комиссар референдумды демократиялық талаптарды нығайтуға бағытталған қадам деп бағалауға болатынын айтты.

 

 

 

 

Государственный комиссар по выборам Албании отметил честность голосования и историческое значение референдума в Казахстане

 

Ход республиканского референдума в Казахстане наблюдают международные эксперты. Один из них — Государственный комиссар по выборам Албании Илирджан Челибаши, прибывший в страну по приглашению Центральной избирательной комиссии Казахстана.

 

Иностранная делегация посетила несколько избирательных участков в Астане. В частности, наблюдатели побывали на участке, расположенном в коммунальном государственном учреждении «Общеобразовательная школа №119» акимата города Астаны. По словам Челибаши, это его первый визит в Казахстан.

 

«Я являюсь Государственным комиссаром по выборам Албании. Мы прибыли в Казахстан по приглашению Центральной избирательной комиссии. Это первый визит для меня и для всей нашей делегации», — сказал он.

 

Международный наблюдатель отметил, что организация референдума производит положительное впечатление.

 

«Мы посетили несколько участков, ознакомились с ходом голосования, пообщались с членами комиссий, задали вопросы о процедуре. Нам подробно объяснили, как всё организовано. По тем наблюдениям, которые мы сделали, подготовка к референдуму выглядит на хорошем уровне», — заявил Челибаши.

 

Он подчеркнул, что окончательные выводы можно будет сделать только после завершения голосования.

 

«Окончательные оценки можно давать после окончания дня. Мы ещё посетим несколько участков, однако на данный момент всё проходит спокойно и организованно», — отметил он.

 

По словам албанского комиссара, проведение референдума можно рассматривать как шаг в сторону укрепления демократических стандартов.