ТЫЛ АРДАГЕРЛЕРІНЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

0
42

 

Ұлы Жеңіс мерекесінің қарсаңында Темір ауданында «Ардагерлерді ардақтайық» партиялық жобасы аясында тағылымды кездесу ұйымдастырылды. «AMANAT» партиясы Темір аудандық филиалының бастамасымен өткен бұл іс-шараның мақсаты – тылда еңбек етіп, елдің жеңісіне өлшеусіз үлес қосқан ардагерлерге құрмет көрсету.
Шара барысында «AMANAT» партиясы Темір аудандық филиалының атқарушы хатшысы А.Ж. Нұрғалиев, тыл ардагерлері Үркімбаев Серік Наренбайұлы және Үркімбаева Роза Қалиханқызының шаңырағына арнайы барып, партия атынан мерекелік сый-сияпаттарын табыс етті.
Кездесу барысында ардагерлерге жылы лебіздер білдіріліп, олардың ел дамуына қосқан еңбегі ерекше атап өтілді.
Өз кезегінде ардагерлер көрсетілген құрметке ризашылықтарын білдіріп, елдің тыныштығы мен бейбіт өмірі үшін ақ баталарын берді.
«Ардагерлерге құрмет көрсету – бұл тек мерекелік шара емес, бұл – ұрпақтар сабақтастығы мен елге деген тағзымның айқын көрінісі».

AMANAT партиясының Темір аудандық филиалы