Жастар қауіпсіздігі басты назарда
Темір аудандық жастар ресурстық орталығы мен аудандық полиция бөлімі бірлесе отырып, «Заң мен тәртіп» идеологиясын нығайту, қоғамдағы құқықтық мәдениетті арттыру және жастардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында түнгі рейдтік жұмыстар жүргізілді.
Шара барысында кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта заңсыз жүріп-тұруын болдырмау, қоғамдық орындардағы тәртіпті бақылау, құқықбұзушылықтың алдын алу, сондай-ақ жастар арасында құқықтық сауаттылықты арттыру бағытында орталық мамандары және Темір ауданы ПБ ЖПҚБ кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі полиция инспекторы Түйешин Мирғұлан Әскербайұлы түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Сонымен қатар, рейд кезінде жасөспірімдер көп жиналатын орындар тексеріліп, ата-аналар мен жасөспірімдерге заң талаптары түсіндірілді. Шараның негізгі мақсаты — жастардың құқықтық мәдениетін қалыптастыру, олардың қауіпсіз ортасын қамтамасыз ету және құқықбұзушылықтың алдын алу.
Аудандық жастар ресурстық орталығы

