«Таза сана – Таза қоғам» челленджі өтті

Жастар ресурстық орталығының бастамасы мен «Таза сана – Таза қоғам» облыстық акциясы аясында №4 Шұбарқұдық ЖОББМ жастарының қатысуымен экстремизм мен терроризмнің алдын алуға бағытталған челлендж ұйымдастырылды.
Челлендждің мақсаты – жастар арасында бейбітшілік пен татулықты насихаттау, экстремизм мен терроризм идеологиясының қауіптілігі туралы түсіндіру және қоғамдағы тұрақтылықты нығайту.
Іс-шараға Жастар ресурстық орталығының маманы А Таймағанбетова және Жастар арасындағы дін істері орталығының дін маманы Р. Бимолдина қатысып, жастармен пікір алмасып, тақырып аясында түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Осындай іс-шаралар жастардың құқықтық және діни сауаттылығын арттыруға, сондай-ақ қоғамдағы бірлік пен келісімді нығайтуға өз үлесін қосады.




