БІР КЕШ, БІР АТМОСФЕРА!

0
8

 

Халықаралық жастар күніне орай Орталық саябақта жастарға арналған ерекше «Бір кеш, бір атмосфера» атты концерттік бағдарлама өтті.

Кеш барысында аудандық мәдениет үйінің талантты жастары сахна төрінде өнер көрсетіп, көрермендерге көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Бағдарламада жастар арасында кеңінен танымал болған соңғы хит әндер шырқалып, әуезді ән мен әсем әуен бір арнаға тоғысты.

Жастардың энергиясы, ерекше атмосфера, керемет музыка және көтеріңкі көңіл-күй — осы кештің басты ерекшелігі болды!

Жастар – елдің ертеңі, қоғамның қозғаушы күші!
Өнерлі, белсенді, креативті жастарымыздың қатары арта берсін!

Кешке қатысып, ерекше атмосфераны бірге бөліскен барша көрерменге алғысымызды білдіреміз!

 

Аудандық мәдениет үйі