«ЖАСТАР МАРАФОНЫ – 2026»

0
6

Халықаралық жастар күніне орай Темір аудандық жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен жастар арасында «Жастар марафоны – 2026» жүгіру жарысы өтті.

Спорттық шараның негізгі мақсаты – жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау, дене белсенділігін арттыру, спортпен жүйелі түрде айналысуға ынталандыру және жастардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру.

Жарыс барысында қатысушылар белгіленген қашықтық бойынша жүгіруден өзара бақ сынап, шапшаңдықтары мен төзімділіктерін көрсетті. Спорттық дода жоғары қарқынмен өтіп, қатысушылар арасында тартысты бәсеке қалыптасты.

Жарыс қорытындысы бойынша әйелдер арасында І орынды Туткушова Мөлдір иеленсе, ІІ орын Бисенғалиева Индираға, ІІІ орын Бекболат Ғазизаға бұйырды.

Ал, ерлер арасында І орынды Сексембай Нұрысбек жеңіп алса, ІІ орын Мұханов Мәжитке, ІІІ орын Мералиев Аманға берілді.

Жарыс соңында жеңімпаздар марапатталып, барлық қатысушыларға белсенділігі мен спорттық жігері үшін алғыс білдірілді.

«Жастар марафоны – 2026» жастарды спортқа баулып қана қоймай, олардың белсенді өмір салтын ұстануына, өзара ынтымақтастығын нығайтуға және салауатты қоғам қалыптастыруға бағытталған маңызды шаралардың бірі болды. Спортты серік еткен жастар – дені сау ұлттың негізі.

 

 

Темір аудандық жастар ресурстық орталығы