TEMIR QUIZ

0
3

Халықаралық жастар күніне орай Темір аудандық жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен жастар арасында «Temir Quiz» интеллектуалдық командалық ойыны өткізілді.

Интеллектуалдық сайыстың басты мақсаты – жастардың білімге деген қызығушылығын арттыру, ой-өрісін кеңейту, логикалық ойлау қабілетін дамыту және жастар арасында достық қарым-қатынасты нығайту.

Ойын барысында қатысушылар түрлі бағыттағы қызықты әрі танымдық сұрақтарға жауап беріп, өздерінің білімдері мен тапқырлықтарын ортаға салды. Командалар әр сұраққа бірлесе жауап іздеп, жылдам ойлау мен дұрыс шешім қабылдауда өзара бақ сынасты.

Тартысты өткен сайыс қорытындысы бойынша:

І орынды – «Realcelona» командасы;

ІІ орынды – «Барбершоп» командасы;

ІІІ орынды – «Сақа» командасы иеленді.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер ұйымдастырушылар тарапынан ақшалай сертификаттармен марапатталды.

Осындай интеллектуалдық ойындар жастардың бос уақытын тиімді өткізуіне мүмкіндік беріп қана қоймай, олардың білімін жетілдіруге, командалық жұмыс пен көшбасшылық қабілеттерін қалыптастыруға ықпал етеді.

Аружан Нұрланқызы

Темір аудандық жастар ресурстық орталығының

жастар ісі жөніндегі маманы